• Онлайн курс
  • Материалдар
    • Периодтық кесте
    • Пайдалы кестелер
    • Тест жинақтары
    • ҰБТ сұрақтары (алфавит)
    • Мектеп кітаптары
    • Университет кітаптары
    • Сілтемелер
  • Мақалалар
Himia.kzHimia.kz
  • Онлайн курс
  • Материалдар
    • Периодтық кесте
    • Пайдалы кестелер
    • Тест жинақтары
    • ҰБТ сұрақтары (алфавит)
    • Мектеп кітаптары
    • Университет кітаптары
    • Сілтемелер
  • Мақалалар

Мамандық туралы

  • Басты бет
  • Мақалалар
  • Мамандық туралы
  • Химияға қатысты мамандықтар тізімі – 2020

Химияға қатысты мамандықтар тізімі – 2020

  • Категориялар Мамандық туралы

Осы мақалада Химияға қатысты мамандықта тізімі көрсетілген. Төменгі кестеден барлық мамандықтар тізімін, мамнндық кодын және таңдау пәндерін көре аласыз. Кестенің астында әрбір мамандық туралы нақтарақ сипаттама жазылған.

КлассификацияБілім беру саласы кодыАтауыТаңдау пәніТоптың ішіне кіретін мамандықтар
Педагогикалық ғылымдарВ012Химия мұғалімдерін даярлауХимия Биология ●   5В011200 Химия
Педагогикалық ғылымдарВ013Биология мұғалімдерін даярлауБиология Химия ●   5В011300 Биология
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаB050Биология және сабақтас ғылымдарБиология Химия ●   5В060700 Биология (зерттеуші)
 ●   5В070100 Биотехнология
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаB053ХимияХимия Биология ●   5В060600 Химия (зерттеуші)
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларыB060Химиялық инженерия және процесстерХимия Физика ●  5В075300 Отқа төзімді металл емес және силикатты материалдардың химиялық технологиясы
 ●  5B072000 Бейорганикалық  заттардың химиялық технологиясы
 ●  5B072100 Органикалық заттардың химиялық технологиясы
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларыB068Азық-түлік өнімдерінің технологиясыБиология Химия ●   5В072700 Азық-түлік өнімдерінің технологиясы
 ●   5В072800 Қайта өңдеу технологиясы
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларыB072Фармацевтикалық өндіріс технологиясыХимия Биология ●  5В074800 Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
Ауыл шаруышылығыB077Өсімдік шаруашылығыБиология Химия ●   5В080100 Агрономия
 ●   5В080800 Топырақтану және агрохимия
 ●   5В080900 Бақша шаруашылығы
 ●   5В081100 Өсімдіктерді қорғау және карантин
Ауыл шаруышылығыB078Мал шаруашылығыБиология Химия ●   5В080200 Мал шаруашылығы өнімдерін даярлау технологиясы
Ауыл шаруышылығыВ080Балық шаруашылығыБиология Химия ●   5В080400 Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
ВетеринарияB083ВетеринарияБиология Химия ●   5В120100 Ветеринарлық медицина
 ●   5В120200 Ветеринарлық санитария
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)B084Мейірбеке ісіБиология Химия ●   5В110100 Мейірбеке ісі
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)B085ФармацияБиология Химия ●   5В110300 Фармация
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)B086Жалпы медицинаБиология Химия ●   5В130100 Жалпы медицина
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)B087СтоматологияБиология Химия ●   5В130200 Стоматология
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)B088ПедиатрияБиология Химия ●   5В130300 Педиатрия
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)B089Медициналық диагностика және емдеу ісіБиология Химия ●   5В110200 Қоғамдық денсаулық сақтау

Әрбір мамандық туралы қысқаша сипаттама

1. Педагогикалық ғылымдар.

Код: В012

Таңдау пәндері: химия+биология
Мамандық атауы (қазақша): Химия (педагогикалық)
Мамандық атауы (орысша): Химия (педагогическая)

Код: В013

Таңдау пәндері: биология + химия
Мамандық атауы (қазақша): Биология (педагогикалық)
Мамандық атауы (орысша): Биология (педагогическая)

Міндеттері:
– Оқу жоспарын құру және жоспар бойынша жұмыс жасау;
– Оқушылардың күнделікті үй тапсырмасын, бақылау жұмысын, өзіндік жұмысын тексеру;
– Оқу құралдарының қызметін тексеру(химиялық ыдыстар,реактивтер) және қауіпсіздік техникасын қадағалау;
– Мектеп бағарламасындағы химия пәні бойынша жаңа басылған кітаптарды бақылап, анализ жасау;
– Педогогикалық кеңес жиналысы және түрлі методистикалық шараларға қатысу;

Кәсіби қызмет түрлері:
– Педагогикалық (мектептерде, лицейлерде, гимназияларда);
– Ғылыми-зерттеу (білім беру проблемалары Ғылыми Зерттеу Институты маманы және басқалары);
– Басқару (аудандық, қалалық, облыстық, ҚР Ғылым Білім маманы);
– Мәдени-ағарту (оқушылар сарайы, оқушылар үйі және басқалары).


2. Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика  

Код: В050

Таңдау пәндері: биология+химия
Мамандық атауы (қазақша) : «Биология» (ғылыми)
Мамандық атауы (орысша) : «Биология» (исследовательская)

Қысқаша сипаттамасы: өсімдік және жануарлар әлемін зерттеумен айналысады. Тірі организмдердің барлық аспектілерін (құрылысы, шығу тегі, даму тарихы, табиғатта таралуы) зерттей отырып, жаңа нәрсе ойлап табады.

Міндеттері:
– Лабораториялық тәжірибелер ойлап табу және тәжірибе жүргізу;
– Берілген тәжірибелер бойынша анализ жұмыстарын жасау;

Кәсіби қызмет түрлері:

– Ғылыми зерттеу жобаларда және эксперименталды зерттемелер енгізуде жұмыс істеу, тірі табиғат пен оның заңдылықтарын, тірі организмдердің пайда болуын, таралуын және дамуын, тірі ағзалардың бір-бірімен және өлі табиғатпен байланысын зерттеу. Селекция негізіндегі зерттеулерді оқу, эмбриология саласында білім алу, ботаникалық географиямен айналысу;
– Медициналық мекемелерде жұмыс істеу және лабораториялық анализдер жүргізу, фармацевтикалық препараттарды өндіру, басқа категорияларға қосылмаған тағамдық өнімдерді өндіру.


Код: В053

Таңдау пәндері: химия+биология
Мамандық атауы (қазақша) : «Химия» (ғылыми)
Мамандық атауы (орысша) : «Химия» (исследовательская)

Қысқаша сипаттамасы: химиялық процестерді зерттеп, практикада қолдану арқылы жаңа зат ойлап табады және берілген лабораториялық тәжірибе негізінде химиялық анализ жасайды.

Міндеттері:
– Химиялық салада өндірістік және технологиялық процестер жүргізу;
– Химиялық тәжірибелерді жоспарлау;
– Лабораториялық коллективті қадағалау;

Кәсіби қызмет түрлері:
– Химиялық, металлургиялық, мұнайхимиялық, фармацевтикалық өнеркәсіптердегі жұмыстар;
– Аналитикалық, экологиялық, санитарлық – эпидемиологиялық, сертификациялық қызмет көрсететін өндірістік лабораториялар;
– Химиялық, металлургиялық, мұнайхимиялық, фармацевтикалық бағдардағы ғылыми – зерттеу ұйымдарында (институттар, лабораториялар) инженер, бөлімшелер мен лабораториялар басқарушылары ретінде;
– Жалпы білім беретін орта мектептерде, колледждерде, лицейлер және гимназияларда, білім беру бөлімшелерінде химия пәнінің оқытушылары ретінде;


3. Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Код: В060

Таңдау пәндері: Химия-Физика
Мамандық атауы (қазақша): «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»
Мамандық атауы (орысша): «Химическая технология органических веществ»

Қысқаша сипаттамасы: химиялық (органикалық) , химиялық технология процестерін жүргізу арқылы сипатталады.

Міндеттері:
– органикалық заттар мен материалдарды өндіру кезінде пайдаланылатын шикізаттар мен материалдарға ішкі бақылау жүргізу және ұйымдастыру, жоғары сапаны қамтамасыз ететін жаңа технологиялық үрдістер жасау мақсатында бастапқы шикізат, аралық өнімдер құрамы мен қасиеттерін бағалау; құрылғылар, шикізат пен қосалқы материалдарды қолданудың жоғары тиімділігін қамтамасыз ету және бағалау;
– жаңа технологиялық үрдістер, технологиялық желілері немесе технологиялық қондырғыларды жобалауға техникалық тапсырмаларын әзірлеу; тәжірибелік-өндірістік, өндірістік технологиялық регламенттерді сынау; іске қосу мен жөндеу жұмыстарына қатысу және қамтамасыз ету;
– жаңа химиялық технологиялар және технологиялық үрдістерді жасау бойынша ғылыми-зерттеу және құрылмалық жұмыстарды жүзеге асыру, іске қосу мен жөндеу жұмыстарын жүргізу;
– қолданыстағы өндіріс шарттарына сәйкес орындаушылар мен мамандар тобының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және ұйымдастыру; өндірістің техникалық-экономикалық талдауын жүргізу;

Кәсіби қызмет түрлері:

– химик-технолог;
– инженер-технолог;
– мұнайхимиялық, металлургиялық өнеркәсіптердегі жұмыстар;
– Аналитикалық, экологиялық, санитарлық –эпидемиологиялық, сертификациялық қызмет көрсететін өндірістік лабораториялар;


Код: В060

Таңдау пәндері: Химия-Физика
Мамандық атауы (қазақша) : «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»
Мамандық атауы (орысша) : «Химическая технология неорганических веществ»

Қысқаша сипаттамасы: химиялық(бейорганикалық), химиялық технология процестерін жүргізу арқылы сипатталады.

Міндеттері:
– бейорганикалық заттар мен материалдарды өндіру кезінде пайдаланылатын шикізаттар мен материалдарға ішкі бақылау жүргізу және ұйымдастыру, жоғары сапаны қамтамасыз ететін жаңа технологиялық үрдістер жасау мақсатында бастапқы шикізат, аралық өнімдер құрамы мен қасиеттерін бағалау; құрылғылар, шикізат пен қосалқы материалдарды қолданудың жоғары тиімділігін қамтамасыз ету және бағалау;
– жаңа технологиялық үрдістер, технологиялық желілері немесе технологиялық қондырғыларды жобалауға техникалық тапсырмаларын әзірлеу; тәжірибелік-өндірістік, өндірістік технологиялық регламенттерді сынау; іске қосу мен жөндеу жұмыстарына қатысу және қамтамасыз ету;
– жаңа химиялық технологиялар және технологиялық үрдістерді жасау бойынша ғылыми-зерттеу және құрылмалық жұмыстарды жүзеге асыру, іске қосу мен жөндеу жұмыстарын жүргізу;
– қолданыстағы өндіріс шарттарына сәйкес орындаушылар мен мамандар тобының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және ұйымдастыру; өндірістің техникалық-экономикалық талдауын жүргізу;

Кәсіби қызмет түрлері:
– Химиялық, металлургиялық, мұнайхимиялық, фармацевтикалық өнеркәсіптердегі жұмыстар;
– Аналитикалық, экологиялық, санитарлық – эпидемиологиялық, сертификациялық қызмет көрсететін өндірістік лабораториялар;
– Химиялық, металлургиялық, мұнайхимиялық, фармацевтикалық бағдардағы ғылыми – зерттеу ұйымдарында (институттар, лабораториялар) инженер, бөлімшелер мен лабораториялар басқарушылары ретінде;
– Инженер-технолог, химик-технолог, химик-аналитик;


Код: В068

Таңдау пәндері: Биология+Химия
Мамандық атауы (қазақша): «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы»
Мамандық атауы(орысша): «Производство продуктов питания»

Қысқаша сипаттамасы: азық-түлік өнімдерінің құрамын зерттеумен және сапа стандартын қамтамасыз етумен айналысады.

Міндеттері:
– химиялық анализ-сараптама жүргізе білу;
– тағам құрамындағы проценттік көрсеткіштерді білу және сол бойынша жұмыс жасай алу;
– тағамдардың тірі ағза организміне биологиялық әсерін білу;
– тағам өндірісіндегі химия, химия-физикалық, биологиялық және микробиологиялық процестерді білу;
– стандартты және технологиялық процестерді қадағалау;
– өндірістік қызметтің экологиялық саласын білу;
– организация және бизнес-жоспар құру бастамасын игеру;

Кәсіби қызмет түрлері:
– санэпидемиялық станцияларда;
– тағам өндіретін заводтарда;
– қызмет көрсету саласында;


Код: В072

Таңдау пәндері: Химия+Биология
Мамандық атауы (қазақша): «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»
Мамандық атауы (орысша): «Технология фармацевтического производства»

Қысқаша сипаттамасы: медициналық препараттар, дәрі-дәрмек өндіру саласымен тығыз байланысты өндіріс түрі.

Міндеттері:
–Химиялық, химиялық-физикалық процестерді білу;
–Инженерлік графика, теориялық механика салаларын меңгеру;
–проценттік және сандық көрсеткішпен жұмыс жасау;
–өндіріс процесін ұйымдастыру

Кәсіби қызмет түрлері:
–Фармацевтикалық өндіріс салаларында ;
–ғылыми зерттеу орталықтарында


4. Ауыл шаруашылығы.

Код: В077

Таңдау пәндері: биология+химия
Мамандық атауы (қазақша) : «Өсімдік шаруашылығы»
Мамандық атауы (орысша) :»Растениеводство»

Қысқаша сипаттамасы: дәнді дақылдар, техникалық және сергітпе дақылдар өсіру, бау-бақша шаруашылығы инструкциялары меңгеріледі.

Міндеттері:
–Жеміс-көкөніс шаруашылығына қатысты жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау.
– Зиянды ағзалардан егістік дақылдарды, жеміс-көкөніс дақылдарды қорғау жайында білім алу;
– Технологиялық процестерді енгізу кезінде нормативті документтерді дайындау;
– Компьютерлік технологияларды пайдаланып есептеулер жүргізу;
– ауыл шаруашылығы ісін бағалау, тәртіптің қадағалануын тексеру;

Кәсіби қызмет түрлері:
– аграрлық колледждерде оқытушы
– ауыл шаруашылығы департаментінде, қоршаған ортаны қорғау комитетінде маман
– ғылыми-зерттеу институтында зерттеуші, бақтарды жобалаушы


Код: В078

Таңдау пәндері: биология+химия
Мамандық атауы (қазақша) : «Мал шаруашылығы»
Мамандық атауы (орысша) : «Животноводство»

Қысқаша сипаттамасы: ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіруге арналған жоба инструкцияларын меңгеру.

Міндеттері:
–табиғатты қорғау шараларын ұйымдастыру;
–жануарларды зерттеу;
–биологиялық, био-химиялық білім;
–мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын анықтау;
–макро және микро препараттармен жұмыс;

Кәсіби қызмет түрлері:
– ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік мекемелері;
– әртүрлі меншік нысанындағы мал шаруашылығы, құс фабрикалары, ипподромдар, асыл тұқымды шаруашылықтар, хайуанаттар парктері;
– ғылыми зертханалар, қорықтар, мал шаруашылығы бағытындағы фирмалар және кәсіптік-техникалық оқу орындары;


Код: В080

Таңдау пәндері: биология+химия
Мамандық атауы (қазақша) : «Балық шаруашылығы»
Мамандық атауы (орысша) : «Рыбное хозяйство»

Қысқаша сипаттамасы: халық шаруашылығының балық аулау, тасымалдау, қорғау және өсірумен, өңдеумен, су өсімдіктерін жинаумен шұғылданатын сала.

Міндеттері:
–табиғатты қорғау шараларын ұйымдастыру;
–балық құрылысын зерттеу;
–биологиялық, био-химиялық білім;

Кәсіби қызмет түрлері:
–ҚР Ауыл Шаруашылығы Министрлігіндегі орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті; облыстық, райондық аумақтық инспекциялар;
–балық өсіру шаруашылықтары; балық аулау ұйымдары мен кәсіпорындары;
–ғылыми-зерттеу институттары; табиғат қорғау ұйымдары;
–балық өңдеу кәсіпорындары;


5. Ветеринария

Код: В083

Таңдау пәндері: биология+химия
Мамандық атауы (қазақша) : «Ветеринария»
Мамандық атауы (орысша) : «Ветеринария»

Қысқаша сипаттамасы: Жануарлар профилактикасы, диагностикасы, психологиясы және емдеу шараларымен айналысады.

Міндеттері:
–Жануарлар ағзасы құрылысын білу;
–Биологиялық, био-химиялық процестерді білу;
–жануарлар өнімі сапасын жануарлар физиологиясымен байланыстыра зерттеу;

Кәсіби қызмет түрлері:
–ветеринарлық пункттер;
–жеке мал дәрігері;


6. Медицина

Код: В084

Таңдау пәндері: Биология+Химия
Мамандық атауы (қазақша) : «Мейірбеке ісі»
Мамандық атауы (орысша) : «Сестринское дело»

Қысқаша сипаттамасы:
Мейірбеке ісі-қоғамдық денсаулықты жақсартуға, салауатты өмір салтына, қауіпсіз жұмыс орындарына және әлеуметтік бағдарланған денсаулық сақтауға жәрдемдесуден тұрады.

Міндеттері:
–Аурудың алдын алу бөлімшелерінде және дәрігерлік кабинеттерде дәрігердің белгілеуі бойынша зерттеу және емдеу шараларын жүргізеді;
–Дәрігерге емханалық операция кезінде және таңу жасағанда көмектеседі;
–Тіркеуші орынынан аурудың емханалық кітапшасының дәрігердің қабылдауына уақытылы әкелінуін қамтамасыз етеді;
–Зертханадан анализдер мен қорытындылардың алуын қадағалайды;
–Қабылдау кезінде дәрігердің нұсқауы бойынша аурудың емделуге қажетті қағаздарын (рецепт, талон) толтырады, нұсқама береді;
–Арнаулы форма бойынша аурулардың картотекасын жүргізеді;
–Диспансерлік бақлаудағы аурулардың уақытылы тексеріліп тұруларын қадағалап, кезекті мерзімін белгілейді және уақытында қаралуларын қамтамасыз етеді;
–Ауруды үйде емдеу кезінде дәрігер белгілеген емдік шараларды орындайды:
–Учаскелік аймақта санитарлық-профилактикалық және індетке қарсы іс- шаралар жүргізеді, жұқпалы аурулармен байланысқан адамдардың температурасын өлшеп, дәрігердің саниатрлық-ағарту жұмысына ықпалын тигізеді.
– дәрігер кабинетін ауруларды қабылдауға дайындайды;

Кәсіби қызмет түрлері:
–Мемлекеттік ауруханаларда;
–Жеке меншік ауруханаларда;
–Әкімшілік немесе басқару лауазымдары;
–Білім және ғылыми зерттеулер;
–Кеңес беру;
–Қоғамдық және мемлекеттік медициналық орталықтар;
–Әлеуметтік жұмыс;
–Үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар (мысалы, ДДҰ, «Үміт» жобасы, Қызыл Крест, «Шекарасыз дәрігерлер»);


Код: В085

Таңдау пәндері: Биология+Химия
Мамандық атауы (қазақша) : «Фармация»
Мамандық атауы (орысша) : «Фармация»

Қысқаша сипаттамасы:
Фармация- денсаулық сақтау ісінің халыққа дәрімен көмек көрсетуді іске асыратын бір саласы және теориялық негізіне дәрілік заттарды анықтау, іздеу, оларды зерттеу, дайындау, қалыптау және шығару, сұрыптау, стандарттау, сақтау, тарату және фармациялық қызметті ұйымдастыру жатады.

Міндеттері:
–субъектілерінде еңбек заңнамасының негізгі ережелерін, іс қағаздарын жүргізуді, еңбекті қорғау талаптарын, қауіпсіздік техникасын және санитарлық режимді, фармацевтикалық қызметке және дәрілік заттардың сапасына бақылау жүргізу тәртібін білу; дәрілік заттар айналымы субъектілерінің қызметін реттейтін қолданыстағы бұйрықтар мен нұсқаулықтардың негізгі ережелерін білу;
–фармацевтикалық қызмет түрлерін лицензиялау ережесін білу;
–фармацевтикалық қызметті реттейтін заңнамалыққұқықтық, нормативтік-нұсқаулық құжаттардың талаптарына сәйкес дәрілік заттар айналымы саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру;
 –дәрілік заттар айналымы субъектілерінің қызметіне фармацевтикалық бақылау жүргізу;
–фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын субъектілерге олардың қызметі мен дәрілік заттардың сапасына бақылау жүргізу мақсатында белгіленген тәртіппен нұсқама беру; дәрілік заттар айналымы субъектілерінде тауарлық материалдық құндылықтарға мақсатты тексеру және түгендеу жүргізу;
–дәрілік заттарды өндіру кезінде ережелер мен талаптардың сақталуына тексеру жүргізу;
–дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды таңбалау, буып-түю және дәрі-дәрмек дайындау технологиясы, дәріхана ұйымдарында дәрілік түрлерді рәсімдеу ережелеріне тексеру жүргізу, дәрілік заттарды сақтау, тасымалдау, жою ережелерінің сақталуына тексеру жүргізу;
–кеден органдарымен бірлесіп дәрілік заттарды әкелу және әкету бойынша тексерулер жүргізу;
–ұйымдастырушылық қабілеті; коммуникабельділік;
–жүйке-психологиялық тұрақтылық;

Кәсіби қызмет түрлері:
–дәріханаларда
–ғылыми зерттеу орталықтарында


Код: В086

Таңдау пәндері: Биология+Химия
Мамандық атауы (қазақша) : «Жалпы медицина»
Мамандық атауы (орысша) : «Общая медицина»

Қысқаша сипаттамасы:
«Жалпы медицина»-емдеу практикасы, гигиена және эпидемология, хирургия, педиатрия, гинекология салаларын қамти отырып, емдеу профилактикасын жүргізу;

Міндеттері:
–адам денесімен жұмыс жасай алу;
–заманауи технологиялық құрылғыларды қолдана білу;
–гигиеналық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау;
–адамдармен қарым-қатынас орната білу;
–амбулаториялық-емханалық көмек, оның ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек және консультациялық-диагностикалық көмек
–жүйке-психологиялық тұрақтылық;

Кәсіби қызмет түрлері:
–мемлекеттік ауруханаларда;
–жеке меншік ауруханаларда;
–санитарлық-эпидемиологиялық станцияларда;
–сараптамалық орталықтарда;


Код: В087

Таңдау пәндері: Биология+Химия
Мамандық атауы (қазақша) : «Стоматология»
Мамандық атауы (орысша) : «Стоматология»

Қысқаша сипаттамасы:
«Стоматология»- тіс, ауыз іші, жақ сүйектері мен бет аурулары, оларды анықтау, емдеу, олардан сақтану туралы ғылым, яғни клиникалық медицинаның тіс, ауыз қуысы, жақ сүйектері, бет пен мойынның оған шектесетін бөліктерінің ауруларын зерттейтін саласы.

Міндеттері:
–тіс протездерін, жақ сүйек-бет протездерін дайындауды және ортодонттық аппараттарды орнатуды қамтамасыз етеді;
–емдеу әдістерін қолдана келе, стоматологиялық аурулары бар пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді;
–тіс-жақ сүйектің дамуындағы ауытқулар анықталған кезде стоматологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарың мамандары пациенттерді кейіннен диагностикалық зерттеп-қарауды ұйымдастыруды, өткізуді және кейіннен сауықтыруды қамтамасыз етеді;
–профилактика – аурулардың пайда болуының, олардың ерте сатыда өршуінің алдын алуға және орын алған асқынуларды, ағзалар мен тіндердің бүлінулерін бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешенін орындау;
–стоматологиялық аурулардың алдын алу және емдеу шаралары;
–стоматологиялық көмек – диагностиканы, емдеуді, профилактика мен медициналық оңалтуды қамтитын стоматологиялық аурулары бар пациенттерге көрсетілетін медициналық қызметтердің кешені;
–амбулаториялық-емханалық көмек, оның ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек және консультациялық-диагностикалық көмек;
–стационарлық көмек.

Кәсіби қызмет түрлері:
–жеке меншік ауруханаларда;
–мемлекеттік ауруханаларда;


Код: В088

Таңдау пәндері: Биология+Химия
Мамандық атауы (қазақша) : «Педиатрия»
Мамандық атауы (орысша) : «Педиатрия»

Қысқаша сипаттамасы:
Педиатрия-медицина ғылымының балалар ауруларын зерттейтін саласы,яғни бала организмінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, бала ауруларының себептерін анықтау, емдеу, олардан сақтану, сондай-ақ, нәрестені туғанға дейін және туғаннан кейін дұрыс күту, тамақтандыру әдістерін қарастырады.

Міндеттері:
–балаларға уақытылы және білікті медициналық қызмет көрсету;
–науқас балаларды белсенді түрде сауыққанға және тұрғылықты ремиссияға дейін бақылау;
–балаларға инфекцияға қарсы уақытында вакцинация жасау;
–қаланың балалар стационарларына қажет болған жағдайда балаларды госпитализациялау;

Кәсіби қызмет түрлері:
–жеке меншік ауруханаларда;
–мемлекеттік ауруханаларда;


Код: В089

Таңдау пәндері: Биология+Химия
Мамандық атауы (қазақша) : «Медициналық диагностика және емдеу ісі» (қоғамдық денсаулық сақтау)
Мамандық атауы (орысша) : «Медицинская диагностика и технологии лечения» (общественные здравоохранение)

Қысқаша сипаттамасы:
Қоғамдық денсаулық сақтау –аурулардың алдын-алу, аурудан сақтану, өмір сүру кезеңін ұзарту және деңсаулық сапасын ұлғайту шараларын іске асыратын ұйымдасқан бөлім.

Міндеттері:
–Дәлелдер негізіндегі аналитикалық жұмыс: инфекциялық және инфекциялық емес ауруларды эпидқадағалау, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулер;
–Халықтың денсаулығын нығайту жөніндегі шараларды іске асыру: ақпараттық-түсіндіру қызметі және коммуникация, мониторинг және ҚД-да төтенше жағдайлар кезінде ден қою, денсаулықты қорғау (тағам өнімдерінің, қоршаған ортаның, жұмыс орындарының қауіпсіздігін бақылау және т. б.), денсаулықты нығайту, денсаулық бұзылуын ерте анықтауды қоса алғанда аурулардың алдын алу;
–Қызметті институционалдық дамыту: кадрлармен қамтамасыз ету, денсаулық пен игілік мүддесінде стратегиялық басшылық ету, ұйымдық құрылымдар мен қаржыландыруды қамтамасыз ету;
–Денсаулық сақтау саласына байланысты тәртіптердің сақталуын қадағалау;
–Тұрғындарды эпидемиологиялық мониторинг арқылы қамтамасыз ету;

Кәсіби қызмет түрлері:
–жергілікті филиалдар
–денсаулық сақтау органдарының ғылыми орталығы
–денсаулық сақтау министрлігі
–денсаулық сақтау органы комитеті
–денсаулық сақтау органы басқару ұйымдары
–тұрғындардың денсаулықтарын сақтау бойынша ұлттық координациялық кеңес құрамында

author avatar
Dariya

Алдыңғы мақала:

Мамандық, ЖОО және грант туралы қайдан іздеу керек?
Маусым 28, 2020

Next post

БҰЛТТЫ ДЕРЕК ҚОЙМАСЫ
Шілде 18, 2020

Сіз ұнауы мүмкін

blog poster-110
Мамандық, ЖОО және грант туралы қайдан іздеу керек?
3 Шілде, 2019
blog poster-05
Химия маманы: кен өндіру зауытында
29 Маусым, 2019
blog poster-03
Химик-аналитик мамандығы
16 Маусым, 2019

    2 Comments

  1. Нұрғиса Бекжан
    Желтоқсан 7, 2020
    Жауап беру

    Алға қарай дами бер . Сәттілік тілеймін жұмыстарығызға. Оқушыларға осы сайтпен дайындалуға кеңес беремін

  2. Нұрғиса Бекжан
    Желтоқсан 7, 2020
    Жауап беру

    Алға қарай дами бер . Сәттілік тілеймін жұмыстарығызға. Оқушыларға осы сайтпен дайындалуға кеңес беремін 1221

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Қызықты мақалалар

Физика комиксі
13Қаз2020
Химияның қандай түрлері бар?
16Мау2019
Химик-аналитик мамандығы
16Мау2019
Химия неге қиын?
16Мау2019
logo

+7 700 683 3066 whatsapp

[email protected]

Сізбен бірге 2018-2020

Әлеуметтік желі

VK бірлестік

YouTube канал

Instagram парақ

 

Біздің команда

Автор туралы