Артқа
Жеңілдік!

ҰБТ “Бейорганикалық химия -2” онлайн курсы (15 сабақ)

4 000 

ҰБТ “Бейорганикалық химия-2” курсы (15 сабақ). 2020 жылғы жаңа бағдарламаның қиын тақырыптарын оңай үйретеміз. Теория мен есептер шығару. 100% нәтиже

Категория:

Бейорганикалық Химия -2 онлайн ҰБТ Химия курсы

Бұл курста Бейорганикалық Химия туралы теория мен есептер оқылады. Негізінен 10-11 кл тақырыптары. Курста 15 тақырып бар:

  1. Термодинамика + есеп шығару

  • Ішкі энергия мен энтальпия
  • Гесс заңы және оның салдары
  • Гиббстің еркін энергиясы
  • Термохимиялық теңдеулер
  1. Электролиттік диссоциациялану теориясы

  • Диссоциациялану механизмі
  • Ион алмасу реакциялары
  • Диссоциациялану дәрежесі
  • Күшті және әлсіз электролиттер
  1. Гидролиз, рН

  • Тұздар гидролизі
  • Еретінді ортасын анықтау, индикаторлар
  • Сутектік көрсеткіш, рН есептеу
  • Буферлі ерітінділер
  • Қышқылды негіздік титрлеу
  1. Химиялық тепе-теңдік

  • Тепе-теңдікке әсер ететін факторлар
  • Тепе-теңдік константасын есептеу
  1. Химиялық кинетика

  • Химиялық реакциялардың жылдамдығы
  • Вант Гофф заңына есеп
  • Концентрацияның реакция жылдамдығына әсері
  1. Тотығу тотықсыздану

  • Тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиеттер
  • Тотығу тотықсыздану реакциялары
  1. Электрохимия

  • Электролиз реакциясы
  • Балқымалар мен ерітінділер электролизі
  • Гальваностегия және гальванопластика
  1. І және ІІ топ металдары

  • Сілтілік және сілтілік жер металдар
  • Физикалық және химиялық қасиеттері
  • Судың кермектігі
  1. Галогендер

  • Физикалық және химиялық қасиеттері
  • Хлор және оның қышқылдары
  1. Көміртек және кремний

  • 14 (4А) топ элементтері
  • Физикалық және химиялық қасиеттері
  1. Фосфор және тыңайтқыш

  • 15 (5А) топ элементтері
  • Физикалық және химиялық қасиеттері
  1. Азот және оның қышқылдары

  • Аммиак және аммоний тұздары
  • Азот қышқылы мен нитраттардың өзіне тән қасиеттері
  1. Күкірт және оның қышқылдары

  • Күкіртсутек және сульфидтер
  • Күкірт қышқылы және оның тұздары
  • Оллеум туралы есептер шығару
  1. Алюминий және темір. Метал өндірісі

  • Физикалық және химиялық қасиеттері
  • Құймаларды алу. Шойын және болат
  • Металдардың жемірілуі және оны алдын алу
  1. Хром, Мыс, Мырыш

  • Қосымша топша элементтері
  • Физикалық және химиялық қасиеттері
  1. Бонус сабақ: Қорытынды

  • Бейорганикалық реакциялар

ұбт химия бейорганика курсы туралы әзіл мем

Бейорганикалық химия тақырыптарын жақсы түсіну үшін біз сізге көмектесеміз. Бізде барлық қажетті оқу материалдары бір сайтта жинақталған жинақталған:

  • Әрбір тақырыпқа сай қызықты видео сабақ,
  • конспект жазу үшін мектеп кітабындағы параграф,
  • біз құрастырған қысқа нұсқа конспектілер,
  • нағыз Химия ҰБТ тест сұрақтары және есептердің шығару жолдары бар.

Барлық материалдарың авторы Дария Берекеқызы. 8 жыл химиядан репетитор болып, көптеген оқушыларды грантқа түсірген. Қазір Францияда химик болып жұмыс атқарады. Алыс елде болса да, осы сайттың көмегімен оқушыларға ҰБТ Химия жоғары балл алу үшін көмектесуде.


Біздің курс қалай оқылады?

Курс онлайн болғандықтан, сізде интернет болуы керек. Онлайн курс толығымен осы сайтта оқылады. Біздің сайтқа кез-келген құрылғы (компьютер, смартфон, планшет, смарт теледидар) арқылы кіре аласыз. Оқушыларға ыңғайлы болуы үшін, біздің курсты мобильді қосымша арқылы оқу мүмкіндігі бар.

Курстың төлемін сізден қабылдаған соң, эмейл поштаңыз арқылы аккаунт ашып береміз. Сіз логин және құпиясөз арқылы біздің платформаға кіріп, курс сабақтарын оқуды бастай бересіз. Курстағы сабақтар нақты жүйеде реттелген, қолдануы өте оңай. Курстағы 15 сабақты оқуға 6 ай уақыт беріледі.

 

ұбт химия үшін мобильді қосымша
Himia.kz онлайн курсты Moodle қосымшасында оқылады

Төлем қалай жасалады?

Курсты сатып алудың екі жолы бар

  1. Төлемді сайтта тікелей орындау. “Сатып алу” басып, қажетті ақпараттарды енгізген соң, төлем жасау беті ашылады. Төлем Халық банкі арқылы сенімді жүйеде орындалады. Төлем жасау үшін Қазақстанның кез-келген банкі карточкасын қолдана аласыз
  2. Төлемді Каспи голд арқылы орындау. Нөмір +7 700 683 3066, Дария Берекеқызы. Төлем жасаған соң, осы нөмірге whatsapp арқылы квитанция жіберу керек.

Төлем орындағаннан кейін бізге +7 700 683 3066 нөміріне whatsapp арқылы хабарласып, өз эмейл поштаңызды жіберіңіз. Бізге сізге бірнеше минуттан соң аккаунт ашып береміз. Сол аккаунт арқылы курсты бастай аласыз.


Біздің курс сізге 100% нәтиже береді, қалай?


Курстағы оқу материалдары өте жоғары сапада дайындалған. Әрбір видео сабақты жасауға бірнеше апта уақыт өткізіп, ссізге ең қызықты деген дүние ұсынамыз.

Біздің курс материалдары алдын-ала дайындалған,  қашанда қолжетімді. Өзіңіз қалаған уақытты кіріп, оқи беріңіз.

Курс өз бетінше оқуға арналған. Өзіңіз қалаған байыппен оқыңыз. Өз уақытыңызды бізге тәуелсіз жоспарлай аласыз.

Біздің басқа ақылы курстар қолжетімді бағада. Сапалы оқу материалдарын төмен бағамен алыңыз!

Оқушының прогресі бақыланады ма?

Әрине, біз қашанда сізбен байланыста боламыз. Біз онлайн курс платформасында әрбір оқушының прогресін бақылап отырамыз, қиналған жерінд көмектесеміз. Курс материалдары өз бетінше оқу үшін болса да, сізде туындаған сұрақтарға жауап береміз.

Байланыс whatsapp арқылы болады +7 700 683 3066


Біздің сайттағы барлық курстар тізімі

Біздің сайтта ҰБТ Химия үшін мектеп бағдарламасын толықтай үйретуге бағытталған курстар бар. Курста ескі және жаңа мектеп бағдарламасы қатар оқытылады.

  • ҰБТ “Химия кіріспе” (тегін 4 сабақ)
  • ҰБТ “Бейорганикалық химия-1” (ақылы 15 сабақ)
  • ҰБТ “Бейорганикалық химия-2” (ақылы 15 сабақ)
  • ҰБТ “Органикалық химия” 15 (ақылы 15 сабақ)