Алкендер

Жалпы формуласы СnH2n ациклді көмірсутектер «алкендер» деген атаумен аталады. Бұл қатардағы көмірсутектердің атауы «-ан» жұрнағы «-ен» жұрнағына алмастыру арқылы айтылады.

Этилен  молекуласындағы химиялық  байланыстың  түзілуі – sp2 гибридтену;

Номенклатурасы:

(Этилен С2Н4 атауын сақтайды.) Құрылысы тармақталмаған  алкендерде бас тізбекті нөмірлеу қос байланыс ең төменгі мәнге ие болатындай етіп белгіленеді.

Алынуы:

Физикалық-химиялық  қасиеттері :

Бөлме температурасында С2 – С4 алкендер – түссіз, аздаған мұнай иісі бар газдар, суда аз ериді; С5— С18алкендер – сұйықтықтар, С19 және одан жоғарылары – қатты заттар. π-байланысынын, (σ-байланыспен салыстырғанда) беріктігі аз болғандықтан жеңіл үзіледі, нәтижесінде алкендерге қосылу реакциялары өтеді және қаныққан органикалық қосылыстар түзіледі. Әдетте, бұл реакциялар жүруіне ерекше жағдай тудыру қажет емес, ол суықта да, ерітінділерде де, мысалы, суда, көміртек тетрахлоридінде (тетрахлорометанда СС14) т.б. жүреді:

Симметриялы емес алкендерге полярлы НХ молекуласының қосылуы Марковников ережесі бойынша жүреді. Қос байланыспен байланысқан көміртектердін көбірек гидрогенделгеніне НХ молекуласының  катионоидтық бөлігі, ал азырақ гидрогенделгеніне аниондтық бөлігі бағытталады.