Артқа

Алкандар

Алкандар. СnH2n+2 жалпы формулаға сәйкес алифатты көмірсутектердің гомологтық қатары «алкандар» деген атауға ие.

Құрылысы :  sp3 гибридтену

Алу тәсілдері:

Номенклатурасы: Алғашқы төрт көмірсутектер: метан, этан, пропан, бутан деп аталады, одан кейінгі көмірсутектерде бірінші мүшесінен бастап, гректің сандық атауларының түбіріне «-ан» жұрнағы қосылып айтылады. Бірвалентті радикалдар (алкил топтар) көмірсутектердің атауындағы «-ан» жұрнағын «-ил» жұрнағына алмастыру арқылы аталады.

СnH2n+2 жалпы формуладағы көмірсутектер атауы

р/с Формуласы Атауы
1 CH4 метан
2 C2H6 этан
3 C3H8 пропан
4 C4H6 бутан
5 C5H12 пентан
6 C6H14 гексан
7 C7H16 гептан
8 C8H18 октан
9 C9H20 нонан
10 C10H22 декан
11 C11H24 ундекан
12 C12H26 додекан

Радикалдар атауы

р/с Формуласы Атауы
1 -СН3 Метил
2 -СН2-СН3 Этил
3 -СН2-СН2-СН3 Пропил
4 -СН2-СН2-СН2-СН3 Бутил
5 -СН2-СН2-СН2-СН2-СН3 Пентил

Тармақталмаған көмірсутектерге сәйкес бір сутегі атомы кем, бір валентті радикалдарды (алкилдер) бастапқы көмірсутек атауындағы «-ан» жұрнағын «ил»-ге алмастыру арқылы атайды.

Көміртегі атомдары тармақталған тізбек түзетін көмірсутектерді атаудың реті:

а) көмірсутек атомдарының неғұрлым ұзын тізбегін таңдап алады және тізбек нөмірленеді, оны бас тізбек деп атайды.

б) нөмірленген бүйір тізбектері бір валентті радикалдарға сәйкес орынбасар ретінде қарастырылады

в) алкандарды атағанда, әуелі цифрмен орынбасардың бас тізбектегі орны көрсетіледі, цифрдан соң сызықша қойылады, орынбасардың (бір валентті радикалдың) аты көрсетіледі, оған бас тізбектегі көміртегі атомдарына сәйкес алканның атын қосып жазады.

Физикалық  және  химиялық  қасиеттері              

Қалыпты  жағдайларда  метан, этан, пропан, және бутан (С14) түсі, иісі, жоқ  газдар суда  аз ериді.  Одан  кейінгі  гомологтары (С515)-сұйықтар (200С) жоғары  гомологтары (С16 және  одан  жоғары) –қатты  затттар. Алкандар   едәуір  инертті   затттар,  олар тек С-Н    байланыстары  симметриялы (радикалды) үзілуімен  өтетін  орынбасу  реакцияларына қатысады. Бұл  реакциялар қатаң  жағдайда өтеді (жоғары  температура, жарық)