Артқа

20.08.2019 жыл

Бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын «Himia.kz» ЖК осы оферта негізінде бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын әрбір жеке немесе заңды тұлғаларға онлайн-курсты пайдалану туралы шарт-оферта жасасу туралы ұсыныс жасайды.

Орындаушы Сізге осы шарттың талаптарын мұқият оқып, танысып, онда көрсетілген талаптармен келіспеген жағдайда акцепт немесе шарт жасасудан бас тартуыңызды ұсынады.

Тапсырыс беруші Орындаушының қызметі үшін ақысын 100% алдын ала төлем жасаған немесе акция, арнайы ұсыныс негізінде бір бөлігін төленген сәттен бастап Акцепт толық әрi бұлтарыссыз жасалған болып саналады.

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Шарттың мәні бойынша Орындаушы Тапсырыс берушіге осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын https://www.himia.kz/ сайтында көрсетілген білім беретін Онлайн-курстар бойынша іс-шараларды бұдан әрі «Онлайн-курсты» пайдалануға беру болып табылады.

Қызмет көрсету онлайн-интернет желісін пайдалана отырып арнайы дайындалған текстті, видео- және аудио- материалдар арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс беруші онлайн-курстар бойынша толық ақпаратты Орындаушының интернет сайтынан келесі мекен-жай бойынша ала алады: https://www.himia.kz/  

1.2. Осы Шарт негізінде Орындаушы келесі қызметтерді көрсетеді:

1.2.1. Онлайн-курстарды дайындау, жариялау және пайдалануға беру;

1.2.2. Оқу құжаттарын дайындау, жариялау және пайдалануға беру;

1.3. Онлайн-курстардың құны мен мазмұны жоғарыда аталған интернет сайтында көрсетілген.

1.4. Шарт жасасу (жария шарт-офертаға акцепт жасау) төмендегілерді орындау арқылы іске асырылады:

1.4.1. Орындаушының 1.1. тармақшасында көсетілген мекен-жайдағы интернет сайтында курсты сатып алу жөніндегі тапсырыс батырмасын басады. Орындаушы «шарттың талаптарымен келісемін» деген бағанға арнайы белгі қояды. Онлайн-курсқа қатысу батырмасын баса отырып осы шарттың талаптарымен келісетіндігін растайды;

1.4.2. Онлайн-курсты пайдалану үшін Тапсырыс беруші сайтта тіркелуі керек. Тіркелу туралы 2.2. тармақта толық көрсетілген.

2. ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ БАҒАСЫ, ТӨЛЕМ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ІС-ШАРАҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

2.1. Онлайн-курсқа қатысу үшін Тапсырыс беруші Орындаушының жоғарыда аталған сайтында таңдалған курс бетінде орналасқан курсқа қатысу туралы батырманы басуы керек.

2.2. Онлайн-курсқа қатысу үшін Тапсырыс беруші сайтта тіркелуі қажет, ол үшін өзі туралы келесі мәліметтерді көрсетуге міндетті:

  • Аты-жөні;
  • e-mail;

2.3 Шарт бойынша көрсетілетін онлайн-курстың бағасы Тапсырыс берушінің таңдаған курсына байланысты жоғарыда аталған сайтта көрсетілген.

2.4. Орындаушы дайындаған онлайн-курстың қызметақысын төлеу, Тапсырыс берушімен келесідей тәсілдер арқылы жүзеге асырылады:

  • онлайн банк картасы арқылы төлеу;

2.5. Тапсырыс беруші Орындаушының қызметін үшінші тұлғаларға төлеуге мүмкіндігі жоқ.

2.6. Осы Шартта қарастырылған негіздер бойынша төленген ақшаны кері қайтару төлем жасаған тұлғаның нақты өзіне, сол деректемелеріне және сол тәсілмен 5(бес) жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.

3. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

3.1. Орындаушы құқылы:

3.1.1. Онлайн-курстың мазмұны мен мәтінін өз бетінше жетілдіруге, оқу-әдістемелік құралдарымен қолдауды қамтамасыз етуге, оқу технологияларын таңдауға және курсты жүргізетін оқытушыларды дербес анықтауға;

3.1.2. Онлайн-курстың материалдарын үшінші тұлғаға таратуға тиым салуға;

3.1.3. Тұтынушының онлайн-курсты пайдалануы туралы информацияны өз қалауы бойынша пайдалануға.

3.1.4. Тапсырыс беруші Шарт бойынша міндеттемелерді бұзған жағдайда, Орындаушының бір жақты тәртіпте қызмет көрсетуін тоқтатуға және Тапсырыс берушімен бұрында төленген ақша қаражатын қайтарудан бас тартуға құқылы екендігімен Тапсырыс беруші келіседі, өйткені мұндай іс-әрекеттер Тапсырыс берушінің Шарттан бір жақты бас тартуы болып саналады.

3.1.5. Орындаушы Тапсырыс берушінің негізсіз жала жабу немесе маңайындағы адамдарды азғыру/арандату арқылы Орындаушының іскерлік беделіне теріс ықпал ету әрекетінің орын алу фактілерін анықтаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тапсырыс берушіні әкімшілік/қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы өтінішпен уәкілетті органдарға жүгінуге. Орындаушы Тапсырыс берушінің бұл әрекетін, жеке көздеген мақсаттары үшін Орындаушының іскерлік беделіне қасақана нұқсан келтіру ретінде қарастырады. Тапсырыс берушінің осындай әрекеттеріне қатысты айыбы дәлелденген жағдайда, Орындаушы Тапсырыс берушінің бұрында төлеген ақшасын қайтармай, бір жақты соттан тыс тәртіпте Тапсырыс берушімен Шартты бұзуға.

3.2. Орындаушы міндетті:

3.2.1. Тапсырыс берушіге Онлайн-курсқа қатысты барлық қажетті ақпарат пен материалдарды ұсынуға;

3.2.2. Тапсырыс берушінің сұранысы бойынша Орындаушының ұсынатын қызметтеріне қатысты кеңес беру арқылы қолдау көрсетуге;

3.3. Тапсырыс беруші міндетті:

3.3.1. Онлайн-курс түрін өз бетімен таңдауға және мазмұнымен өз бетімен танысуға;

3.3.2. Осы Шартты жасау кезінде байланысу ақпараттарымен қоса, өзі туралы қатесіз, дұрыс ақпараттар ұсынуға;  

3.3.3. Белгіленген тәртіпке сәйкес онлайн-курс бағасын толық төлеуге;

3.3.4. Орындаушы дайындаған онлайн-курс материалдары мен сайттағы материалдарды  үшінші тұлғаларға таратпауға, басқа сайтта жарияламауға;

3.4. Тапсырыс беруші құқылы:

3.4.1. Орындаушымен жеке байланысып, қосымша ақпарат алуға;

Ақпарат алу үшін жоғарыда аталған сайтта көрсетілген байланыс жолдары арқылы немесе himiakz@gmail.com поштасы арқылы хабарлауы қажет.

3.4.2. Маңызды жағдайларға байланысты Тапсырыс беруші онлайн-курстқа қатысудан бас тартуға шешім қабылдаса, онда ақшасын 100% қайтаруға

Ол үшін Тапсырыс беруші Орындаушыға жазбаша түрде шешімінің себептерін түсіндіруі тиіс.

3.4.3. Орындаушы қызметінің сапасына қатысты наразылықтарын дәлелдей отырып, оны әрі қарай зерделеу және жою үшін оны жазбаша түрде ұсынуға.

Олай болмаған жағдайда түрлі дереккөздердегі жарияланымдар, сонымен қатар Орындаушының іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін жеке идеялар мен пікірлерді ауызша насихаттау, өз пайдасын көздеген мақсатта жала жабу ретінде қаралатын болады және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу болып табылады.

3.4.7. Шарттың мәні, талаптары мен жүктелетін міндеттері Тапсырыс берушінің көңілінен шықпаған жағдайда осы Шартты жасасудан бас тардуға.

4. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРІ

4.1. Осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін Тараптар осы Шартқа сәйкес және Қазақстан Республикасының заңнамасымен жауапкершілік көтереді.

4.2. Тапсырыс беруші техникалық, компьютерлік және заман талабына сай техникалық білімінің төмендігі салдарынан Онлайн-курс бағадарламасын меңгере алмағандығына Орындаушы жауапты емес.

4.3. Орындаушы дайындаған Онлайн-курс сапасы Тапсырыс берушінің жеке субъективті бағалауының нәтижесінде күткен сапасына сай келмегендігіне Орындаушы жауапты емес және ол Орындаушы дайындаған Онлайн-курс сапасыздығының көрсеткіші ретінде есепке алынбайды.

5. ШАРТТЫ БҰЗУ ТӘРТІБІ

5.1. Шарт екі Тараптың келісімімен тоқтатылады.

5.2. Тапсырыс беруші тарапынан тиісті төлем жасалмаған немесе міндеттемелері тиісті түрде орындалмаған жағдайда, Шарт Орындаушымен бір жақты соттан тыс тәртіпте тоқтатылады, бұл ретте Тапсырыс берушінің бұрында төлеген ақша қаражаты қайтарылмайды.

5.3. Шарт Тапсырыс берушінің бастамасымен тоқтатылған жағдайда, Тапсырыс берушінің бұрында төлеген ақша қаражатын қайтару осы Шарттың 3.4.2 тармақшасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

6. ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

6.1. Онлайн-курсқа қатысты барлық оқу материалдары, жазба түрдегі құжат болсын, аудио және/немесе видеоматериалдар (вебинар, лекция жазбасы) және Орындаушының сайтындағы барлық ақпараттар Орындаушының авторлық құқығындағы объектілер болып танылады. Сол себепті Орындаушы Тапсырыс берушіге оларды пайда табу мақсатында көшіріп алуға, оларды көбейтіп, тиражға салуға тиым салынады. Сонымен қатар, ҚР заңнамасында қарастырылған авторлық құқық бұзушылықтың басқа да формаларына тиым салынады.

6.2. Осы Келісім шарттың 6.1. тармағында келтірілген фактілер орын алған жағдайда Орындаушының барлық көшірмелерді тартып алуға, авторлық құқықтағы объектілерді тираждаудан заңсыз жолмен түскен шығындар мен кірістерді Тапсырушыдан өтеп алуға, болмаса Орындаушы авторлық құқығын қорғауды талап етуге құқылы.

6.3. Орындаушы өзінің авторлық құқығы бұзылғандығы үшін Тапсырыс берушіні қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында мемлекеттік органдарына жүгінуге құқылы.

6.4. Жариялау құқығы Орындаушының өз құзырында. Тапсырыс берушіге онлайн-курста берілген материалдарын жариялау құқығы берілмейді.

7. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ

7.1. Шартты орындауға байланысты туындаған даулар мен келіспеушіліктер, Тараптар арасында келіссөздер жүргізу жолымен мүмкіндігінше шешіледі.

7.2. Егер тараптар келісімге келе алмаған жағдайда, даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Орындаушының орналасқан жеріндегі сотта шешіледі.

8. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

8.1. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жария шарт-оферта электронды түрде жасалады. Осы шарттың соңғы басылымдағы үлгісі Орындаушының веб-сайтында, соңғы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген күні көрсетіліп орналастырылады.

8.2. Сайт арқылы тіркелу кезінде Тапсырыс беруші Шарт жасасу үшін өзі туралы дербес мәліметтерді енгізеды және олардың дұрыстығына өзі жауапты, ал Орындаушы өз тарапынан бұл мәліметтерді үшінші тұлғаға жария етпеуге кепілдік береді.

8.3. Шарт Тараптардың келісімі бойынша өзгеруі немесе толықтырылуы мүмкін. Өзгертулер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық танытқан Тарап, екінші Тарапқа кем дегенде 5(бес) жұмыс күні бұрын тиісті хабарлама жіберуі тиіс. Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Шартқа енгізілген барлық толықтырулар мен өзгертулер, Тараптардың Қосымша келісімдерінде көрсетілуі тиіс.

8.4. Хаттар, хабарламалар электронды пошта арқылы немесе Орындаушы сайты арқылы жіберілуі тиіс.

8.5. Шартта қарастырылмаған барлық басқа жағдайларда Тараптар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылықа алады.

8.6. Орындаушы, мемлекеттік органдардың және қоғамдық, саяси, діни ұйымдардың, қауымдастықтардың істеріне араласпайды және азаматтардың мақсаттарын жүзеге асыру кезінде саяси, діни мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қызмет етпейді.

8.7. Орындаушының қызметі лицензиялауға жатпайды.

8.8. Бұл шарт Тапсырыс беруші Орындаушының Онлайн-курсы үшін ақысын төленген сәттен бастап Тараптар үшін күшіне енген болып саналады және Тараптардың осы Шартпен көзделген міндеттемелерін толық орындаған сәтке дейін жарамды болып табылады. Төлем қызмет ақысы үшін 100% алдын ала төлем жасау арқылы жүзеге асырылады. Акция, арнайы ұсыныс болған жағдайда төлем төлеудің өзге де түрлері (бөліп төлеу) қарастырылуы мүмкін.

8.9. Тапсырыс беруші осы шарт-офертаға акцепт жасай отырып Тапсырыс берушіге осы шарттың мәтіні мен мәні түсінікті екендігін және осы шартта көрсетілген талаптармен толық бұлтарыссыз келісетіндігін растайды.

9. Орындаушы:

«Himia.kz» ЖК

БСН 950703400095

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

ЖСК KZ046010121000097311

Мекен-жайы: Ақтөбе қ., Чекалин к-сі., 36 үй

himiakz@gmail.com